Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 26 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 26 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға:

2010-15,4 млрд. теңге;

2011 - 63,1 млрд. теңге;

2012 - 70,3 млрд. теңге;

2013 - 70,3 млрд. теңге көзделген.»;

2014 «Кіріспе» деген 2-бөлімде:

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде берілетін кредиттер субсидиялауға жатпайды.»;

«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:

«Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:

«Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында»:

үшінші бөлік «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөлік «тобының» деген сөзден кейін «және/немесе Мемлекеттік комиссияның» деген сөздермен толықтырылсын;

«Екінші бағытты іске асыру тетігінде»:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жұмыс тобы Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын қарастырады және қарастыру қорытындысы бойынша борышкердің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку