«Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 957 Бұйрығы
«Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 957 Бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік актілер жинағында жарияланған, № 7, 2010 жылы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.»;
Демо – версия документа