«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1425 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1425 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын қаражатының есебінен өтеу ережесінен бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 57, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесінде:
5-тармақта
екінші абзацтағы «жан басына шыққандағы норматив» деген сөздер «бастапқы медициналық-санитариялық көмек (жан басына шыққандағы норматив)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тариф - стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емделген бір жағдайға; жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы, санитариялық авиацияны бір шақыру үшін медициналық көмек көрсету құны;»;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«бастапқы медциналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонент - бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескертін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік.»;
бүкіл мәтін бойынша «қаржыландыру» деген сөздің алдынан «шығындарды өтеу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компоненттің шығындарын өтеу біліктілікті арттыруға және сараланған төлемдерді ескере отырып, еңбекті ынталандыруға арналған шығындарды қамтиды және осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа