Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы

(2008.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінің және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгінiң ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы ұсынысына (бұдан әpi - жоба) келісім берiлсiн.

2. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:

1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;

ҚР Үкіметінің 2008.17.04. № 362 қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесімділігін есептеуді жүргізу.

ҚР Үкіметінің 2006.23.03. № 200 қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2007.31.10. № 1023 (бұр.ред.қара) қаулысымен редакцияда жазылды

3) байланыс ғарыш жүйелерінің, оның ішінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің және ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерінің техникалық тапсырмалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.

ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1044 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку