(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІ ЖӘНЕ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҮКІМЕТ...
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық
даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы
меморандум
(Астана қ. 2006 ж. 5 мамыр)
Осы редакция 2010 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 5 шілдедегі № 160-III ҚР Заңымен ратификацияланды
1. Мақсаттары
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - ҚР Yкіметі) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тұлғасында және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі - АҚШ Үкіметі) Халықаралық даму жөніндегі американ агенттігі (ЮСАИД) тұлғасында,
«Хьюстон бастамасы» экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу және іске асыру үшін осы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) қол қоюға ниет білдіреді. Осы Меморандум Бағдарламаның негізгі қағидаттарын және шарттарын түсінуді қамтиды.
2.1. Міндеттер. Қазақстан экономикасын әртараптандыруға жәрдемдесу, экономиканың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, және орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу Бағдарламаның міндеттері (бұдан әрі - міндеттер) болып табылады.
2.2. Нәтижелер. Осы міндеттерге қол жеткізу және Бағдарламаны ілгерілету үшін Тараптар Қазақстанда экономикалық өсуге жәрдемдесу үшін қажетті мынадай нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісім білдіреді:
нарық субъектілерінің қаржыландыруға және инвестицияларға кеңейтілген қолжетімдігі;
кәсіпкерлік білім деңгейін арттыру мен ақпаратқа қолжетімділік арқылы адами капиталды дамыту;
бәсекеге қабілеттілікті және экономика салаларының өсу қарқынын арттыру;
инвестициялық ахуалды жақсарту және әлемдік экономикалық жүйеге ықпалдасу.
Редакция документа
Демо – версия документа