Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1256 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1256 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Холдинг пен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы министрлікке министрлік белгілеген нысанда және мерзімде қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат береді.»;

8-тармақ «қарыз беру» деген сөздерден кейін «мақсатты пайдалану,» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қарыз алушы - өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен және/немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өз қатысушыларына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ауылдық тұтыну кооперативтері;»;

10-тармақтың төртінші абзацы «қарыз беру» деген сөздерден кейін «және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімін сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;

21-тармақтың 1) тармақшасы «қытай бұршағы, күнбағыс» деген сөздерден кейін «, рапс» деген сөзбен толықтырылсын;

22-тармақтағы «ауыл шаруашылығы дақылдарымен» деген сөздер алынып тасталсын;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку