«Ұлттық қорғаныс университетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1209 Қаулысы (2011.26.05. берілген өзгерістермен)
Ұлттық қорғаныс университетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1209 Қаулысы
(2011.26.05. берілген өзгерістермен)
Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін әскери және әкімшілік басқару» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің штат санының лимиті есебінен «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесінде саны тұрақты құрамның 16 бірлігі жене ауыспалы құрамның (тыңдаушылар) 30 бірлігі болатын Ішкі әскерлердің жедел өнері мен тактикасы кафедрасы бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер факультетін (бұдан әрі - факультет) құрсын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Демо – версия документа