«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1111 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1111 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
1. «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Бағдарламаның мақсаты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның мақсаты Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.»;
төртінші бөліктің төртінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттік ресурстарының құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында банктердің ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.»;
«Бағдарламаның мақсаты» деген 4.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4.1 Бағдарламаның мақсаты
Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.»;
«Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде: «Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау»
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа