(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.01.07 № 679 ҚАУЛЫСЫ
Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамына кіретін құрылымдар арасындағы ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператордың функцияларын бөлу мақсатында «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор болып мыналар белгіленсін:
1) мынадай функцияларды іске асыру үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы:
оларды дамытуға қатысу құқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;
мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге ықпалдасуын қамтамасыз ету;
бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді енгізуді және сүйемелдеуді, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қол жетімділігі үшін техникалық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Редакция документа
Демо – версия документа