«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1164 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1164 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының автожол саласының дамуына байланысты, сондай-ақ республика аумағында автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының стационарлық көліктік бақылау посттары
Р/с № | Посттың атауы | Облыстың немесе қаланың атауы | Автожолдың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Бурабай | Ақмола | Астана - Петропавл, 253 км |
2. | Еркін | Алматы | Алматы - Өскемен, 270 км |
3. | Нұрлы | Алматы | Алматы - Қорғас, 124 км |
4. | Қарабұтақ | Ақтөбе | Самара - Шымкент, 965 км |
5. | Қобда | Ақтөбе | Орал - Ақтөбе, 618 км |
6. | Алға | Ақтөбе | Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 42 км |
7. | Атырау | Атырау | Орал - Атырау, 487 км |
8. | Доссор | Атырау | Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 513 км |
9. | Семей | Шығыс Қазақстан | Омбы - Майқапшағай, 757 км |
10. | Аягөз | Шығыс Қазақстан | Алматы - Өскемен, 768 км |
Документ утратил силу
Демо – версия документа