(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИН. М.А. 2010.23.07 № 533 БҰ...
Осы редакция 2010 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 533 бұйрығымен
бекітілген
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) ғимараттар мен үй-жайлардың құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жабдықтауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) антисептик - жарадағы микробтарды өлтіру мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған химиялық микробқа қарсы агент;
2) антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процесстің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы;
3) бокс - сырттан науқас келіп түсуіне арналған жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына мыналар енеді: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз.
4) санитариялық-көрсетімдік микроорганизмдер - қоршаған орта объектілерінде ықтимал фекальдық ластану және инфекциялық аурулар қоздырғыштарының болуының әлеуетті қаупі жөнінде куәландыратын индикаторлық микроорганизмдер;
5) шлюз - палата, бөлімше және жалпы дәліз арасындағы үй-жай бөлігі.
Редакция документа
Демо – версия документа