Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҰЛТТЫҚ ПОЧТА ОПЕРАТОРЫНА АРНАЛҒАН ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ Н...

Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ
олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысы

(2008.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Ұлттық почта операторына арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:

меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті;

ағымдағы өтімділік коэффициенті;

ашық валюта позициясының лимиттері.

2. Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық почта операторының меншік капиталының өз активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12 № 280 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Меншік қаражатының жеткіліктілігі коэффициентінің ең аз мәні 0,10-нан, 2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 0,12-ден кем болмауға тиіс.

4. Ұлттық почта операторының меншік капиталы мыналардың сомасы ретінде есептеледі:

төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегінде);

қосымша капитал;

өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);

ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі;

олардан:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку