Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы

 

Осы редакция 2010 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті және Салық полициясы академиясының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі құрылсын.

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігіне экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындау жүктелсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазпатент» Патенттер және тауар белгілері жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетін құруды қамтамасыз етсін;

2) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны әрі мүлкі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілеріне беріле отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетін таратсын;

3) Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі жөніндегі ережені бекітсін;

4) Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку