Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасындағы кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісім (Астана қ., 2010 жылғы 5 шілдеде)

Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасындағы кеден органдарының
қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және
өзара іс-қимылы туралы
келісім
(Астана қ., 2010 жылғы 5 шілдеде)

 

ҚР 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 511-IV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттер,

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарт, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын кұру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарт ережелерін негізге ала отырып,

кеден одағының кеден заңнамасын және Тараптардың сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген, жасалғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген заңнамасын бұзуға қарсы күреске маңызды мән бере отырып,

осы мақсатта көрсетілген бұзушылықтарды тергеуде бір біріне барынша кең көлемде көмек көрсету және осы салада қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді тергеу кезінде өзара іс-қимылды және оларды әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы салада ақпарат алмасуды ұйымдастыру жолымен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға тілек білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап

Қолданылу саласы

 

1. Қылмыстарды ашу, кеден одағының кеден заңнамасын Тараптардың сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Тараптардың кеден органдарының құқықтық көмегі мен өзара іс-қимылы осы Келісімнің қолданылу саласы болып табылады.

2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін: Беларусь Республикасынан Мемлекеттік кеден комитеті; Қазақстан Республикасынан - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті; Ресей Федерациясынан - Федералдық кеден қызметі Орталық кеден органдары болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку