Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Осы редакция 2007 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 22 маусымдағы

№ 607 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
Iшкi әскерлер комитетi туралы
Ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлігінiң ведомствосы, бейбiт және соғыс уақытында iшкi әскерлердi әскери басқару органы болып табылады.

Комитеттiң негiзгi мiндеттерi жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады және азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

4. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтармен, өкiмдермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.

6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа көшесi, 78.

7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер комитетi" мемлекеттік мекемесi.

8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

9. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку