«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 744 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 744 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақта «Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздер «Премьер-Министрінің бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенінде:
«Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жетудің жолдары мен механизмдері» деген 6-бөлімде:
«Суармалы егіншілікті тиімді дамыту және өнімділігін арттыру үшін мелиоративті жағдай жасау» деген 6.2-кіші бөлімде:
«Мәселелер» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінен алыста орналасуы бірқатар қолайсыздықтар туғызуда, республикалық бюджеттің шығынын ұлғайтады және мәселелерді жедел түрде шешуге мүмкіндік бермейді.»;
«Шаралар» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа