Көп арқанды көтергіш қондырғылардың арқан өткізгіштерін жобалау мен пайдалануға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің уақытша талаптары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2007 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 141 бұйрығымен
бекітілген
Көп арқанды көтергіш қондырғылардың арқан өткізгіштерін жобалау мен пайдалануға арналған өнеркәсіптік
қауіпсіздіктің уақытша талаптары
1. Көтеру ыдыстары, қатаймалары және тік шахталар бағаналары арасы саңылауы келтірілген 1 кестеде көрсетілген.
Қазу кезіндегі көтеру шамасынан шығып тұрған ыдыстар саңылауы 300 мм кем болмайды. Бағана тереңдігі 400 м терең болғанда, ыдыстардың бір - біріне соқтығу қаупін болдырмайтын, темір арқандары ажырату немесе басқа құрылғылар орнату қарастырылады. Бұл құрылғыларды орнатпауға болады, егер ыдыстар (бағыттауыш роликтері бар қауғалар) арасындағы саңылау 250 + н/3 мм (н - бағана тереңдігі, метр) көп немесе тең болғанда. Қозғалмалы ыдыстар және өткізгіш құбырлар қысқыштарының шығып тұрған бөліктері арасындағы саңылаулар 400 мм кем болмайды. Өткізу сөрелері қоныштарының қабырғасы және қозғалмалы ыдыстардың шығып тұрған бөліктері арасындағы саңылау 100 м кем болмайды.
Жаңадан ілінген немесе жөнделген ыдысты қосар алдында саңылауларды тексеру жүргізіледі. Екі көтеру ыдыстары арасындағы, саңылау қиғаш қазбалардағы барлық қиғаш бұрыштар 200 мм кем болмайды. Қазбаның қатаймасы және көтеру ыдысындағы шығып тұрған бөлігінің, қатаймасы ағаштан, темірден болса саңылау 250 мм кем болмайды және бетон немесе тастан болса саңылау 200 мм кем болмайды.
1-кесте
Тік шахталар бағаналарындағы бекітпе және кермелер, аса көп шығып тұрған көтеру ыдыстарының
бөліктері арасындағы рұқсат етілетін саңылаулар
Бағана бекітпесінің түрі | Арматураланудың түрлері және орналасуы | Саңылаулар атауы | Саңылаулардың ең аз мөлшері, мм | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Документ утратил силу
Демо – версия документа