Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимінен жекелеген уақытша алулар туралы хаттама (Астана қ., 2010 жылғы 5 шілдеде) (күші жойылды)

Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимінен жекелеген уақытша алулар туралы
хаттама
(Астана қ., 2010 жылғы 5 шілдеде)

 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды

 

ҚР 2011 жылғы 29 наурыздағы № 423-IV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 15 шілдеде күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалған кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу жекелеген уақытша алуларды белгілеу туралы уағдаластықты назарға ала отырып,

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыруды тездетіп аяқтау қажеттігін назарға ала отырып,

өзара саудадағы барлық шектеулерді толық алып тастау және үшінші елдермен саудада бірыңғай сауда режимін қолдану қажеттігін тани отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 8703 тауар позициясында жіктелетін, ортақ пайдаланудағы жолдармен жүруге арналмаған квадроциклдарды, қарда жүретін машиналарды және өзге де жеңіл көлік құралдарын (бұдан әрі - автомобильдер) қоспағанда, негізінен адам тасымалдауға арналған, КО СЭҚ ТН-ның 8703 тауар позициясында жіктелетін, және пайдалануға арналған жеңіл автомобильдер мен өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету мөлшері аумағында осындай автомобильдер шығару жүзеге асырылатын Тараптың заңнамасымен, бірақ 2010 жылғы 1 қаңтарда Беларусь Республикасында белгіленген осыған ұқсас ставкалардан төмен емес мөлшерде белгіленеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку