(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ САУДА МИН. ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ...
Осы редакция 2007 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық
дамыту комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, жетекшiлiк ететiн өнеркәсiп саласында (оның iшiнде тау-кен металлургия, химия, өнеркәсiптiң өңдеушi салаларында, iрi ауыл шаруашылық машина жасау, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi салаларында), сондай-ақ қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы Қазақстан Республикасының индустриялық, ғылыми-технологиялық және инновациялық даму саласында қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
1. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Редакция документа
Демо – версия документа