Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 20.07.00 Ж. № 83-ІІ ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы
2000 ж. 20 шілдедегі № 83-ІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Конституциялық заң Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, елдегі бұдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны 0, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Қазақстан халқының көшбасшысы ретінде республика Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық жағдайын анықтайды.

1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі

Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өз өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де айрықша құзыреттері мен кепілдіктері анықталады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку