Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 530 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 530 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінде:

1-бөлімнің 8-тармағындағы «20-тармағында» деген сөздер «20, 20-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-бөлімде:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін базалық тарифті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі кезекті жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттердің көзделген қаражатын консультациялық-диагностикалық көмекке, медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланатын санына бөлу жолымен осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындайды»;

20-тармақтағы «стационарды алмастыратын медициналық көмектің түрлерін» деген сөздер «үйде стационарды алмастыратын көмек» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Бір емделіп шығу жағдайы үшін қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын күндізгі стационардағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады»;

Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне 4-қосымшада:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку