2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда) (күші жойылды)
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині
туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 397-IV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын кеден одағына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес,
төмендегідей туралы келісті:
Келісімнің 2-бабында:
а) бірінші абзацта «кедендік шекарасы мен» деген сөздер «кедендік шекарасына әкелу кезінде және» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Кеден одағының кедендік аумағынан карантинге жатқызылған өнімді шығару кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелеріне және өз мемлекетінің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
Келісімнің 4-бабында:
а) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден одағының кедендік аумағына енгізілетін карантинге жатқызылған өнім карантинге жатқызылған өнімді жеткізу орны көзделген Тарап мемлекетінің фитосанитариялық талаптарына сай болуы тиіс.
Тараптар енгізілетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар туралы ресми ақпаратты Тараптардың уәкілетті органдарының ресми сайттарында (интернет-ресурстарында), сондай-ақ Еуразия экономикалық қауымдастығының Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитариялық шаралар саласындағы ақпарат жүйесінде және Кеден одағының бірлескен сыртқы және ішкі сауда ақпарат жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа