Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 17 СӘУІРДЕГІ № 362 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 Қаулысы

(2009.26.06. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2009.26.06. № 986 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша:

1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізген кезде радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку