«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 457 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 457 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ақтөбе заң институты) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты.»;
Демо – версия документа