(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.07 № 1068 ҚАУЛЫСЫ
Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 Қаулысы
(2010.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономиканы үдемелі индустриялық-инновациялық, дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Нығметұлы Ахметовті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» (Kazakhstan Еngіnееrіng) акционерлік коғамының;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі Құралбай Сейітбайұлы Бұхарбаевты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты «Каzуnа Саріtаl Management» акционерлік қоғамының;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қалымтайұлы Қазыбаевты «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамының;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды «Біріккен химия компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңестерінің (қадағалау кеңестерінің) құрамдарына сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа