«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 428 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 428 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды»;
12) тармақшадағы «аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы:
«қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
«және аумақтық органдардың» деген сөздер «орган мен аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) тармақшадағы «әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7), 38-8), 38-9), 38-10), 38-11) және 38-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-1) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-2) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астық нарығына қатысушылардағы астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
38-3) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
38-4) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
38-5) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
38-6) мыналардың:
Демо – версия документа