(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТЫҚ ҚОЛХАТТАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ӨТЕУ ЕРЕЖЕСІ
Осы редакция 2010 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 27 сәуірдегі
№ 470 қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының
(қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша
міндеттемелерді орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық
қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi
Осы Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) кепiлдiк жағдай - қатысушының астық сақтау қоймаларындағы (астық қабылдау пункттеріндегі, элеваторлардағы) астықтың жеткiлiктi көлемiнiң және (немесе) астықтың қажеттi сапада болмауымен көрiнетiн, уәкiлеттi органның аумақтық басқармасы растаған мiндеттемелердi орындамау фактiсi;
2) кепiлдiк жағдай болған күнi - астық қолхатын ұстаушыға уәкiлеттi органның аумақтық басқармасының қатысушының мiндеттемелерiн орындамау фактiсiн растайтын құжатты берген күн;
3) қатысу шарты - қор мен астық қабылдау кәсiпорны арасында жасалған шарт, соның негiзiнде соңғысы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысады;
4) квота - қайтару жөніндегі жауапкершiлiкке қор кепiлдiк беретiн, қор белгiлеген әрбiр қатысушы бойынша астық лимитi;
Редакция документа
Демо – версия документа