(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік (қайта тіркеу) тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - тіркеуге, бизнес сәйкестендіру нөмірін, тіркеу нөмірін бере отырып, оларға мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті беруге ұсынылған құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, діни бірлестіктер, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне және Филиалдар мен өкілдіктердің бірыңғай тізіліміне енгізу рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негізінде көрсетіледі.
1) республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында әрекет ететін діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді; діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жайда жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, 907-кабинет, телефоны 74-09-30.
Редакция документа
Демо – версия документа