Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2004 Ж. 7 ШІЛДЕДЕГІ № 580-II ҚР ЗАҢЫ

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi авария - нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрген технологиялық процестiң бұзылуы, тетiктердiң, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы;

2) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң иесi - қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiге меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негiзде иелiк ететiн жеке және (немесе) заңды тұлға;

3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

4) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетi;

5) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку