(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МӘДЕНИЕТ, АҚПАР. ЖӘНЕ СПОРТ МИН. АҚПАРАТ ЖӘНЕ ...
Осы редакция 2007 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінiң 2006.16.05. № 405 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтіндегі «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
(2007.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, оның iске асырылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Редакция документа
Демо – версия документа