(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2008.10.12 № 100-IV ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін
(Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 282-ө Өкімін қара
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2010 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.
Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа