Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008.15.05 № 593 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақсатан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

(2009.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 43-44, 532-құжат; 2003 ж., № 49, 557-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында:

II бөлімнің 1.2.1-бөлімшесінің соңғы абзацындағы және 1.4.5-бөлімшесінің екінші абзацындағы «Отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 41, 569-құжат; 2006 ж., № 5, 39-құжат):

3-тармақтағы «Отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат):

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку