«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 919 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 16, 151-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
бірінші абзацтағы «523,2» деген цифрлар «547,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы кесте және ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | Кәсіпорындар, ұйымдар және концессионерлер қаражаты | ЖИЫНЫ |
2006 | 62,5* | 6,9 | - | 69,4 |
2007 | 79,3 | 7,7 | - | 87,0 |
2008 | 100,9 | 4,1 | 0,01 | 105,01 |
2009 | 140,4* | 5,0 | 1,8 | 147,2 |
2010 | 101,3* | 2,7 | 0,54 | 104,54 |
Жиыны | 514,1** | 31,1** | 2,35 | 547,55** |
*Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2006-2007 жылдардағы кредит қаражаты - 5,07 млрд. теңге), Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2008-2010 жылдардағы кредит қаражаты - 25,0 млрд. теңге) шеңберінде қала бюджеті тұрғын үй құрылысына алатын кредиттерді есепке алмағанда;
**Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жылдар бойынша қаржыландыруға 34,4 млрд. теңге сомасында 2006 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылануы қосылды, оның ішінде: республикалық бюджетке - 29,7 млрд. теңге; жергілікті бюджетке - 4,7 млрд. теңге.»;
«Күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
бесінші абзац алып тасталсын;
Демо – версия документа