«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 121 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы»
2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 121 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік нысандарын ұсыну тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
1-тармақ «(бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5, 6 абзацтар 2009 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа