(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.12.01 Ж. № 1666 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 20 желтоқсандағы № 1666 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
Қазақстанның статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған басым бағыттары деген 2-тарауда:
Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру деген 2.2-бөлімде:
2.2.1.2.-тармағының бесінші абзацында:
«2001» деген сан «2005» деген санмен ауыстырылсын;
«2001-2003» деген сандар «2004-2005» деген сандармен ауыстырылсын;
«, оның қорытындысын бастырып жариялау, сондай-ақ статистикалық регистрлер мен деректер базасын күн талабына сай келтіру» деген сөздер алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада:
Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштері жүйесі мен методологиясын жетілдіру деген 2-тарауда:
Нақты сектордың статистикасы деген 2.1-бөлімде:
Экономиканың аграрлық секторының статистикасы деген 2.1.2-бөлімшесінде:
6-тармақта:
1-бағанда», оның қорытындысын жариялау, сондай-ақ, санақтың нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы регистрлері мен деректер базасын жаңғырту» деген сөздер алынып тасталсын;
2-бағанда», оның қорытындысын жариялау жоспары» деген сөздер алынып тасталсын;
Редакция документа
Демо – версия документа