«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 916 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат; 2005 ж., № 15, 174-құжат; 2006 ж., № 33, 350-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысу үшін саяси партияларға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшада:
«арыздар мен шағымдарды қарайды;» деген сөздерден кейін «сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады;»;
«саяси партиялардың өкілдерімен» деген сөздерден кейін «және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
«мәслихаттардың депутаттарын және» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа