Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 911 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат):

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін оның аппараты - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі және Қауіпсіздік Кенесінің Ахуалдық орталығы қамтамасыз етіп, олардың құрылымы мен штат санын Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы айқындайды.»;

17-тармақта «Хатшылығы» деген сөз «аппараты» деген сөзбен ауыстырылсын;

19-тармақта «Хатшылығындағы» деген сөз «аппаратындағы» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы және Президент Әкімшілігі Басшысының келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары болады»;

21-тармақтың 2) тармақшасында «Хатшылығының» деген сөз «аппаратының» деген сөзбен ауыстырылсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку