Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 249 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көшіп келу квотасы бойынша көшіп келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келу квотасы бойынша көшіп келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Бағдарламаға қатысушы оралман - оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген және 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушы болған оралман.»;

5-тармақтың 2) тармақшасындағы «ішкі істер органдарынан» деген сөздер «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Бағдарламаға қатысушы болып табылмайтын оралмандарға:

1) біржолғы жәрдемақылар:

отбасы отағасына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку