«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 243 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 243 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 Қаулысымен күші жойылды
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінде:
6-тармақта:
7) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) тіркеуші бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан /шоттарына есептен шығару/есепке алу жөніндегі бұйрықты орындаған кездегі мәміленің сомасы туралы;
9) пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы мәліметтер болады.»;
8-тармақтың 7) тармақшасында «есептерді берген» деген сөз «есептер бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Ереженің 9, 10, 12 және 13- тармақтарының талаптары мынадай жағдайда қолданылмайды:
Документ утратил силу
Демо – версия документа