Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарлығаш балабақшасы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2156 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарлығаш балабақшасы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2156 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции