«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1897 Қаулысы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1897 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге мынадай ескертпемен қол қойылсын: «Қазақстан Республикасы шикі қанттан өндірілетін ақ қант шығарылған елді айқындау кезінде (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 1701 позициясы бойынша) алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде тауар позициясының өзгеруінен көрінетін жеткілікті өңдеудің/қайта өңдеудің негізгі өлшемін қолдану құқығын өзіне қалдырады».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |