Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006.07.07. № 180-III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

(2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара

 

Осы Заң тұрғын жайлардың құрылысына үлестік қатысуы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын тарту арқылы оларды салуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігін белгілейді.

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) кепілдікті мерзім - құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға және құрылыс объектісін (тұрғын жайды) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік беретін уақыт;

2) құрылыс салушы - өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлар салуды ұйымдастыру үшін үлескерлердің ақшаларын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) нөлдік цикл - тұрғын жайдың нөл деп алынатын, шартты жобалық белгіден төмен орналасқан бөліктерін салу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешені;

4) пайдалануға беруге рұқсат - комиссияны тағайындаған уәкілетті органның тұрғын жайды қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісін бекітуі;

5) тұрғын жайдағы үлес - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша салынған тұрғын жайдың құрамына кіретін, үлескерге беру aктici бойынша берілетін тұрғын үй. Осындай үйге жеке меншік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку