Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 1464 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 1464 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

13-тармақта:

4) тармақшада:

бесінші абзацтағы «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«ветеринария;»;

24) тармақшада «тіркеу» деген сөзден кейін «, өндіру» деген сөзбен толықтырылсын;

26) тармақшада:

«бекітеді» деген сөз «келіседі» деген сөзбен ауыстырылсын;

«және карантиндік іс-шараларды» деген сөздер «іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

31) тармақшада «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;

32) тармақшада «инспектордың» деген сөзден кейін «және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың» деген сөздермен толықтырылсын;

39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, оларды табыс ету тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»;

41) тармақшада:

«әзірлейді және» деген сөздер алынып тасталсын;

«адамдар мен жануарлардың» деген сөздер «жануарлар мен адам» деген сөздермен ауыстырылсын;

140) тармақшада:

«(жүктерді)» деген сөз алынып тасталсын;

148) және 149) тармақшаларда «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183) тармақшалармен толықтырылсын:

«163) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітеді;

164) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің жобаларын әзірлейді;

165) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережесін бекітеді;

166) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;

167) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;

168) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативін бекітеді;

169) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;

170) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекітеді;

171) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

172) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекітеді;

173) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;

174) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді;

175) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;

176) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамалар іріктеу тәртібін айқындайды;

177) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;

178) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді;

179) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді;

180) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;

181) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат береді;

182) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;

183) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;»;

14-тармақта:

3) тармақшада «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар беру;»;

25) тармақшада «ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

30) тармақшада «Қазақстан» деген сөздің алдында «пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және» деген сөздермен толықтырылсын;

31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«31) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»;

37) тармақшада «осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді» деген сөздер «осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлеу және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«71) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеу;»;

72) тармақшада «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

73) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«73) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

74) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісу;»;

75) тармақшада «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

112) тармақшада «елдерде» деген сөз «мемлекеттерде» деген сөзбен ауыстырылсын;

113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«113) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;»;

мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын:

«113-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру;»;

114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«114) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;»;

121), 122) және 123) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«121) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау;

122) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

123) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;»;

124) тармақшада «ветеринариялық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;»;

126) тармақшада «ел» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

134) тармақшада «ветеринариялық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын;

162) тармақшада «ветеринариялық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;

163) тармақшада «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;

165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«165) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;»;

177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«177) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру;»;

мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:

«186-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;

187) тармақшада «өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен бекеттерге» деген сөздер «фитосанитариялық бақылау бекеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

190) тармақшада:

«өсімдіктер карантині бойынша» деген сөздер «фитосанитариялық бақылау бекеттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

«шекаралық пункттер мен бекеттерде» деген сөздер алынып тасталсын;

191) тармақшада «республиканың кәсіпорындарында және рыноктарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«192) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдарға, ішкі сауда объектілеріне, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізу;»;

193) тармақша алынып тасталсын;

194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«194) мыналарды:

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзудың анықталып жойылғаны туралы;

өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалғаны туралы нұсқаманы беру және оның орындалуын бақылау;»;

мынадай мазмұндағы 194-1) тармақшамен толықтырылсын:

«194-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жіберу;»;

196) тармақша алынып тасталсын;

199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«199) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;

200) тармақша алынып тасталсын;

213) тармақшада «ветеринариялық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын;

214) және 215) тармақшалардағы «ветеринариялық қадағалануға», «ветеринариялық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;

215) тармақшада «ветеринариялық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын;

224) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«224) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 236), 237), 238), 239) және 240) тармақшалармен толықтырылсын:

«236) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және олардың азықтан улану себептері мен жағдайларын табу әрі анықтау;

237) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылау;

238) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылау;

239) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

240) қызметтің мынадай кіші түрлерін:

ветеринариялық емдеу-алдын алуды;

ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;

ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;

ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларды бақылау.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                               

 

К. Мәсімов

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку