Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1399 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1399 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 74-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:

«

44-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Б.Б. Нұрымбетов

».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку