Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазакстан Республнкасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 1383 Қаулысы (күші жойылды)

Қазакстан Республнкасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 1383 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде:

14-тармақта:

жиырма сегізінші абзацтағы «веб-сайттарын» деген сөздер «интернет-ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

отыз үшінші абзацта:

«ақпараттық жүйелерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

«электрондық үкімет» қалыптастыруда» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                  

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку