Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2001 ЖЫЛҒЫ 19 ҚАҢТАРДАҒЫ № 146-II ҚР ЗАҢЫ

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы
№ 146-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орындау мәселелерiнде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және меншiк нысандарына қарамастан, заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын айқындайды және реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан әрi - қорғаныстық тапсырыс) - Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң мемлекеттік қажеттерiн қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ, әскери техника, екiұдай мақсатта қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар өндiру, беру, сатып алу жөніндегі тапсырысты орналастыруды көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тапсырыс;

2) мемлекеттік уәкiлеттi орган - қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

3) қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушiсi (бұдан әрi - мемлекеттік тапсырыс берушi) - Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн өнiм (жұмыс, қызметтер) жасауға, зерттеуге, өндiруге, беруге тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

4) қорғаныстық тапсырыстың орындаушысы (бұдан әрi - орындаушы) мемлекеттік тапсырыс берушiмен (басқа орындаушымен) жасалған шарт негiзiнде қорғаныстық тапсырысты орындауға қатысатын заңды тұлғалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку