(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.07.02. № 549 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2009 жылғы 04 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ақша айналымында қолма-қол ақшамен төлемдер жасалған кезде ақша белгілерін - тиындарды іс жүзінде қолданудың тоқтатылғанын ескере отырып, қаулы етемін:
1. Қолма-қол ақша белгілері - тиындар (бұдан әрі - тиындар) ақша айналымынан алынсын.
2. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу олар айналымнан толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа