(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.02.03. № 145 ҚАУЛЫСЫ
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 Қаулысы
(2008.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 907 (бұр. ред. қара); 2007.09.10. № 920 (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 384 (бұр.ред.қара); 2008.20.12. № 1190 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Өжкенов Болат Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы |
Қонақаев Саяхат Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры, төрағаның орынбасары |
Алдашев Рүстем Ағыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Редакция документа
Демо – версия документа