(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.06.12. № 1179 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 және
2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 1179 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 cәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада 1, 2, 3 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Самұрық» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары» деген 2-бөлімде:
Редакция документа
Демо – версия документа