Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 5 мамырдағы № 158-IV Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы
 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-баптың 20-2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;»;

2) 41-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы «қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.»;

3) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 

Н.НАЗАРБАЕВ

 

 

 

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы мамырдың 5-і.

№ 158-IV ҚРЗ

 

Укажите название закладки

Создать новую папку